Тарихи белес: QVG мен UzVC Big Sky Capital-дың $50 млн құрайтын қорына инвестиция салу үшін күш біріктірді

Qazaqstan Venture Group (QVG) қорлар қоры ретіндегі алғашқы инвестициялық келісіміне қол қойды. UzVC-мен серіктестікте Big Sky Capital-ға $10 млн-ға дейін қаражат бөлу Орталық Азиядағы біртұтас институционалдық венчурлік нарықтың негізін қалайды.
QVG MOST Accelerator Fund-қа $3 млн инвестициялайды

Qazaqstan Venture Group Ltd. (QVG) компаниясы Alem Ventures Fund-тан MOST Accelerator Fund-қа (басқарушы компания – MOST Ventures) 3 миллион АҚШ долларына дейін инвестиция салу туралы терминдер парағына (term sheet) қол қойылғанын қуанышпен хабарлайды.
Qazaqstan Venture Group алғашқы жабылу раунды аясында $115 млн тартқанын жариялады

Осы кезеңде алғашқы инвесторлардың міндеттемелері бекітіліп, қордың инвестициялық қызметі басталды. Капиталды қалыптастыруға Qazaqstan Investment Corporation, Freedom Holding Corp., Astana Hub, сондай-ақ бірқатар жеке инвесторлар қатысты.
LP Summit 2025

Біз аймақ үшін ерекше іс-шараны — Қазақстан Республикасының вице-премьер-министрі және жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің қамқорлығымен Digital Bridge бағдарламасы аясында Qazaqstan Venture Group Ltd. (QVG) және Silkroad Innovation Hub ұйымдастырған LP Summit 2025 саммитін өткізгенімізге мақтанамыз.