Qazaqstan Venture Group (QVG) қорлар қоры ретіндегі алғашқы инвестициялық келісіміне қол қойды. UzVC-мен серіктестікте Big Sky Capital-ға $10 млн-ға дейін қаражат бөлу...
Read More
Qazaqstan Venture Group (айта кетсек – Alem Ventures Fund қорлар қорының басқарушы компаниясы) алғашқы жабылу аясында 115 млн доллар тартты.
Осы кезеңде алғашқы инвесторлардың міндеттемелері бекітіліп, қордың инвестициялық қызметі басталды. Капиталды қалыптастыруға Qazaqstan Investment Corporation, Freedom Holding Corp., Astana Hub, сондай-ақ бірқатар жеке инвесторлар қатысты.
Венчурлік қорлар қорын құру туралы бастаманы 2024 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп көтерген болатын. Ол ұлттық венчурлік экожүйені дамытуға, жеке капиталды тартуға және өңірді жаһандық инновациялық экономикаға интеграциялауға бағытталған.
Осы жұмыс шеңберінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында Qazaqstan Venture Group (QVG) басқарушы компаниясы құрылып, лицензияланды. 2025 жылғы шілдеде QVG өңірлік және халықаралық венчурлік қордарға инвестиция салатын аймақтағы алғашқы қорлар қоры – Alem Ventures Fund-ты тіркеді.
«Alem Ventures Fund әртараптандырылған портфель қалыптастыруға бағытталған, оған Орталық Азия мен Кавказдың институционалды қорлары, сондай-ақ жетекші жаһандық венчурлік қорлар кіреді. Қорларды іріктеу барысында біз басқарудың институционалдық сапасына, ашықтығына, стратегияның орнықтылығына және команданың кәсібилігіне ерекше көңіл бөлеміз. Біздің мақсат – әлемдік венчурлік нарықтың үздік технологиялары мен тәжірибелеріне қол жеткізуге мүмкіндік бере отырып, инновациялық экожүйенің дамуын жеделдету»
Бас директоры Асқар Білісбеков.
Alem Ventures Fund-тың құрылуы Орталық Азия мен Кавказдағы венчурлік нарықтың дамуының жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді. Бұл өңірдегі венчурлік қорларға жүйелі қолдау көрсететін, кәсіби стандарттарды арттыратын және технологиялық инвестициялар нарығын дамытатын алғашқы институционалдық құрылым. Халықаралық институционалдық инвесторлар үшін бұл өңірге жергілікті нарықты терең түсінетін және ұзақмерзімді стратегиялық мандаты бар серіктеспен бірге кірудің жаңа мүмкіндігі.
Alem Ventures Fund-тың құрылуы барысында Astana Hub маңызды рөл атқарды. Ол халықаралық инновациялық кластер және қордың тірек инвесторларының бірі. Оның қатысуы капитал ағынын және стратегиялық қолдауды қамтамасыз етіп қана қоймай, стартаптар, жаңашылдар және серіктестердің кең экожүйесіне қолжетімділік ашты. Қорлар қоры Astana Hub базасында венчурлік инфрақұрылымды дамытудың жүйелі элементі болып табылады, ол технологиялық инвестициялар нарығын кеңейтуге және қорлар үшін орнықты институционалдық негіз қалыптастыруға бағытталған. Алғашқы кезеңнің өзінде Alem Ventures Fund жеке және мемлекеттік капиталды біріктіріп, Қазақстан мен өңірдің венчурлік индустриясының ұзақмерзімді өсуіне негіз қалады.
Алғашқы кезеңнен кейін қорлар қоры ресми түрде инвестициялық кезеңге өтті және өз мандаты аясында венчурлік қорларды ашық іріктеуді жүргізіп жатыр. Бағдарлама стартаптарға және қызметі өңірмен байланысты технологиялық компанияларға инвестиция салатын басқарушы компанияларды қолдауға бағытталған. Alem Ventures Fund сондай-ақ алғашқы қорын құрып жатқан және институционалды тәсілді, стратегиялық релеванттылықты әрі экожүйе дамуына ұзақмерзімді үлес қосу әлеуетін көрсете алатын жаңа басқарушылардың («First-Time Fund Managers») өтінімдерін қарастыруға дайын.
Өңірлік венчурлік басқарушыларды ашық іріктеуге қатысуға шақырылады. Толық ақпарат пен өтінім беру формасы alem.qvgvc.com сайтында қолжетімді. Өтінімдер ir.ventures@qvgvc.com электрондық поштасы арқылы да қабылданады.
Хабарлама ақпараттық сипатқа ие және Alem Ventures Fund LP қорына инвестиция салуға ұсыныс немесе шақыру болып саналмайды.
Qazaqstan Venture Group (QVG) қорлар қоры ретіндегі алғашқы инвестициялық келісіміне қол қойды. UzVC-мен серіктестікте Big Sky Capital-ға $10 млн-ға дейін қаражат бөлу...
Read MoreQazaqstan Venture Group Ltd. (QVG) компаниясы Alem Ventures Fund-тан MOST Accelerator Fund-қа (басқарушы компания – MOST Ventures) 3 миллион АҚШ долларына дейін...
Read MoreОсы кезеңде алғашқы инвесторлардың міндеттемелері бекітіліп, қордың инвестициялық қызметі басталды. Капиталды қалыптастыруға Qazaqstan Investment Corporation, Freedom Holding Corp., Astana Hub, сондай-ақ бірқатар...
Read MoreБіз аймақ үшін ерекше іс-шараны - Қазақстан Республикасының вице-премьер-министрі және жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің қамқорлығымен Digital Bridge бағдарламасы...
Read More«Qazaqstan Venture Group» басқарады және іске асырады © 2025 Деректерді қорғау және құпиялылық ережесі
«Қорлар қорына» инвестициялау бойынша сұрақтар үшін, инвесторлармен қарым-қатынас жөніндегі қызметкерімізге ir.ventures@qvgvc.com арқылы хабарласыңыз.
This questionnaire is intended for our potential underlying VC fund managers. Please complete this form to help us evaluate your fund to include in our investment pipeline.